Фонетика зерттеушілері
Зерттеушілер
Бұл бетте қазақ тіл білімі, фонетика, орфография, орфоэпия,
интонация және жазу теориясы салаларына үлес қосқан зерттеушілер
туралы мәліметтер берілді.
Анар Мұратқызы Фазылжан
20.04.1974
филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
2000 жылдың мамырында З.М.Базарбаеваның ғылыми жетекшілігімен «Қазақ тіліндегі қосқұрамды құрмалас сөйлем интонациясы (эксперименттік-фонетикалық зерттеу)» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша қорғап шықты.
А.Фазылжан қазақ тілінің сегментті, суперсегментті фонетикасы, интонация, интонологиясы, қазақ интонациясы мен синтаксисі, пунктуациясының арақатынасына, қазақ тілінің тарихи фонетикасы, нормативті сөздіктер түзу тәжірибесі, орфографиясы мен орфоэпиясы, сөз сазы мен просодикасы, ауызша сөз мәдениетіне арналған ғылыми еңбектердің авторы.
Құралай Бимолдақызы Күдеринова
12.03.1970
филология ғылымдарының докторы, профессор
2000 ж. профессор Нұргелді Уәлидің жетекшілігімен «Бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфограммасы және оларды кодификациялау негіздері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын, 2006 ж. «Қазақ жазуының онтогенездік дамуы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
Негізгі еңбектері: 2005 ж. «Бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы», 2010 ж. «Қазақ жазуының теориялық негіздері» және «Түркі тілдерінің әліпби және емле тарихы» атты ғылыми монографиялар, 2014 ж. «Қазақ жазуының тарихы мен теориясы» атты оқу құрал, 2017 ж. «Бірге ме, бөлек пе?» атты оқу-әдістемелік құрал шығарды.
← Басты бетке қайту