ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ФОНЕТИКА САЙТЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ
ФОНЕТИКА САЙТЫ

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ атындағы ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ
Кітаптар Дәрістер
Тұлғалар

Қазақ фонетикасына үлес қосқан тұлғалар

Бұл бетте қазақ тілінің фонетикасы, орфоэпиясы, орфографиясы, интонологиясы және жалпы тіл білімінің қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар туралы мәліметтер берілді.

Николай Иванович Ильминский

Николай Иванович Ильминский

орыс шығыстанушысы, педагог-миссионер, түркі тілдерін зерттеуші ғалым

НИКОЛАЙ ИВАНОВИЧ ИЛЬМИНСКИЙ – орыс шығыстанушысы, педагог-миссионер, түркі тілдерін зерттеуші ғалым. Ол ХІХ ғасырда Ресей империясының құрамындағы түркі және фин-угор халықтарының тілін зерттеп, жергілікті халыққа білім беру жүйесін ұйымдастырумен айналысты. Н.И.Ильминскийдің ғылыми қызметі миссионерлік-ағартушылық жұмыспен тығыз байланысты болды. Ол Ресей...

Платон Михайлович Мелиоранский

Платон Михайлович Мелиоранский

Қазақ фонетикасы мен тіл біліміне үлес қосқан тұлға

ПЛАТОН МИХАЙЛОВИЧ МЕЛИОРАНСКИЙ 1868 жылы 18 қарашада Санкт-Петербург қаласында дүниеге келген. 1887 жылы ол әкесінің жол көрсетуімен Санкт-Петербург университеті шығыс тілдері факультетінің араб-парсы-түрік-татар бөлімін таңдайды. Ол ұстазы В.В.Радловтың кеңесімен түркі тілдері бойынша дәріс алады. Университетте оқи жүріп В.В.Радловтан алтай тілін, кейін...

Василий Васильевич Радлов

Василий Васильевич Радлов

көрнекті шығыстанушы, түркітанушы ғалым, Ресей ғылым академиясының академигі

ВАСИЛИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ РАДЛОВ – көрнекті шығыстанушы, түркітанушы ғалым, Ресей ғылым академиясының академигі. Ол – XIX ғасырдың екінші жартысында түркі халықтарының тілін, фольклорын және мәдениетін зерттеген ірі ғалымдардың бірі. Радловтың ғылыми қызметі негізінен Сібір, Алтай және Орта Азия аймақтарында жүргізілген далалық зерттеулермен байланысты. Ғалым...

Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы

қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, қазақ филологиясының тұңғыш профессоры (1928), (РК, фонд 1142, офис 1, дело 1), реформатор-ғалым, ағартушы, педагог, қоғам қайраткері

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, қазақ филологиясының тұңғыш профессоры (1928), (РК, фонд 1142, офис 1, дело 1), реформатор-ғалым, ағартушы, педагог, қоғам қайраткері. А.Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Сартүбек ауылында дүниеге келген. Ол – қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы...

Телжан Шонанұлы

Телжан Шонанұлы

ХХ ғасыр басындағы қазақ тіл білімінің қалыптасуына зор үлес қосқан көрнекті ғалым, ағартушы, аудармашы, «Алаш» партиясы құрамында жүріп ұлттық мүдде мен білім беру ісіне қызмет еткен ірі тұлға

ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫ – ХХ ғасыр басындағы қазақ тіл білімінің қалыптасуына зор үлес қосқан көрнекті ғалым, ағартушы, аудармашы, «Алаш» партиясы құрамында жүріп ұлттық мүдде мен білім беру ісіне қызмет еткен ірі тұлға. Ол энциклопедист ғалым ретінде тіл білімімен қатар педагогика, тарих, әдістеме салаларын да терең меңгеріп, қазақ ғылымының дамуына жан-жақты...

Елдес Омарұлы

Елдес Омарұлы

қазақ тіл білімінің алғашқы қалыптасу кезеңіндегі көрнекті ғалым, ағартушы, публицист, ұлттық жазу мен емле мәселелерін зерттеуші

ЕЛДЕС ОМАРҰЛЫ (01.03.1892-01.12.1937) – қазақ тіл білімінің алғашқы қалыптасу кезеңіндегі көрнекті ғалым, ағартушы, публицист, ұлттық жазу мен емле мәселелерін зерттеуші. Елдес Омарұлы қазақ тілінің грамматикасы, орфографиясы, фонетикасы және жазу жүйесі мәселелерін кешенді түрде қарастырған алғашқы зерттеушілердің бірі болды. Ғалым қазақ тілін оқыту...

Халел Досмұхамедұлы

Халел Досмұхамедұлы

көрнекті ғалым, дәрігер, қоғам қайраткері, қазақ тіл білімінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан тұлға

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ (24.04.1883-19.08.1939) – көрнекті ғалым, дәрігер, қоғам қайраткері, қазақ тіл білімінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан тұлға. Ол ұлттық ғылым мен білімнің дамуына, әсіресе тіл, әдебиет, медицина және жаратылыстану салаларының қазақ тілінде қалыптасуына зор еңбек сіңірді. Халел Досмұхамедұлы қазақ тілін ғылыми тұрғыда зерттеумен қатар,...

Қошке Кемеңгерұлы

Қошке Кемеңгерұлы

қазақ тіл білімінің қалыптасу кезеңіндегі көрнекті ғалым, ағартушы, жазушы және публицист

ҚОШКЕ КЕМЕҢГЕРҰЛЫ (15.07.1896-21.11.1937) – қазақ тіл білімінің қалыптасу кезеңіндегі көрнекті ғалым, ағартушы, жазушы және публицист. Ол ХХ ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция өкілі ретінде тіл, әдебиет, тарих және мәдениет мәселелерін кешенді түрде қарастырған әмбебап тұлға. Қошке Кемеңгерұлы қазақ тілінің грамматикасы, орфографиясы, фонетикасы және...

Құдайберген Жұбанов

Құдайберген Жұбанов

қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі, филология ғылымдарының докторы, профессор, түрколог ғалым

ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВ (19.12.1899-25.02.1938) – қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі, филология ғылымдарының докторы, профессор, түрколог ғалым. Ол қазақ тілінің фонетикасы, грамматикасы, жазу жүйесі, терминологиясы және жалпы тіл теориясы мәселелерін алғаш ғылыми тұрғыда жүйелеген ірі тұлға болып саналады. Қ. Жұбанов қазақ тіл білімін дербес ғылым...

Қасым Басымұлы

Қасым Басымұлы

қазақ тіл білімінің қалыптасу кезеңіндегі зерттеуші, ағартушы-ғалым, ұлттық тілдің емле, фонетика және оқыту әдістемесі мәселелерімен айналысқан тұлға

ҚАСЫМ БАСЫМҰЛЫ (ХХ ғасырдың алғашқы жартысы) – қазақ тіл білімінің қалыптасу кезеңіндегі зерттеуші, ағартушы-ғалым, ұлттық тілдің емле, фонетика және оқыту әдістемесі мәселелерімен айналысқан тұлға. Ол қазақ тілін ғылыми жүйеге түсіру, оқу үдерісіне енгізу және сауат ашу ісін жетілдіру бағытында еңбек етті. Қ. Басымұлы қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, жазу...

Ісмет Кеңесбаев

Ісмет Кеңесбаев

қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы академигі

ІСМЕТ КЕҢЕСБАЕВ (15.02.1907-16.01.1995) – қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы академигі. Ғалым қазақ тілінің лексикологиясы, фразеологиясы, фонетикасы және әдеби тіл нормалары мәселелерін жүйелі түрде зерттеп, ұлттық тіл ғылымының теориялық негіздерін қалыптастырды....

Рәбиға Сәттіғалиқызы Сыздық

Рәбиға Сәттіғалиқызы Сыздық

филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясның академигі

РӘБИҒА СӘТТІҒАЛИҚЫЗЫ СЫЗДЫҚ (17.08.1924-04.07.2020) – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясның академигі. Академик Рабиға Сыздық «Абай қара сөздерінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері» (1959) тақырыбында кандидаттық диссертациясын, «Абай шығармаларының тілі» (1972) тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Ғалымның...

Әлімхан Сағындықұлы Жүнісбек

Әлімхан Сағындықұлы Жүнісбек

филология ғылымдарының докторы, профессор

ӘЛІМХАН САҒЫНДЫҚҰЛЫ ЖҮНІСБЕК (12.05.38 - 17.08.2021) – филология ғылымдарының докторы, профессор. Ленинград университетінің профессоры Л.Р.Зиндердің ғылыми жетекшілігімен «Қазақ тілінің дауысты дыбыстары» (1969) тақырыбында кандидаттық диссертациясын, «Түркі тілдерінің сөз просодикасы және қазақ тілінің сингармонизмі» (1989) тақырыбында докторлық...

Нұргелді Мақажанұлы Уәли

Нұргелді Мақажанұлы Уәли

филология ғылымдарының докторы, профессор, қазақ тіл білімінің фонетика, фонология, графика, орфография, орфоэпия және сөз мәдениеті салаларының әдіснамалық-теориялық мәселелерін іргелі зерттеген көрнекті ғалым

НҰРГЕЛДІ МАҚАЖАНҰЛЫ УӘЛИ (01.07.1945) – филология ғылымдарының докторы, профессор, қазақ тіл білімінің фонетика, фонология, графика, орфография, орфоэпия және сөз мәдениеті салаларының әдіснамалық-теориялық мәселелерін іргелі зерттеген көрнекті ғалым. Н. Уәли 1993 жылы «Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері» деген тақырыпта кандидаттық,...

Зейнеп Мүсілімқызы Базарбаева

Зейнеп Мүсілімқызы Базарбаева

филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі

ЗЕЙНЕП МҮСЛІМҚЫЗЫ БАЗАРБАЕВА (03.09.1952) – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі. З.М.Базарбаева «Интонация вводных единиц в языках различного типа (на материале французского, казахского и русского языков)» атты кандидаттық диссертация (1983) және «Қазақ тілінің интонациялық жүйесі» атты докторлық диссертация (1997)...

← Басты бетке қайту